Алдын алмасақ ашаршылық болуы мүмкін - БҰҰ

1040

Әлемдегі көптеген елде миллиондаған адам ашаршылық алдында тұр. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қауіпсіздік кеңесінің кезекті онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жүргізілген статистика бойынша 2020 жылы жер бетінде 88 миллион адам аштықтың зардабын тартты. Бұл бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 20 процентке артық.

Сарапшылар бұл тенденция 2021 жылы да жалғасады деп  болжайды. Мәселен, табиғи апаттар мен коронавирус пандемиясы жағдайды ушықтырып тұр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы өткен жылы 265 миллион адамның аш құрсақ жүргенін айтады. Олардың біразы Африка, Таяу шығыс пен Азия елдерінің тұрғындары.

Антониу Гутерриш жағдайды оңалту үшін шұғыл шаралар қолға алынбаса аштық көптеген адамның өмірін қиюы мүмкін дейді.

"Қазір қамданбасақ, алдағы уақытта ашаршылыққа тап болуымыз әбден мүмкін. Қарулы қақтығыс қиыншылық турдыратыны анық. Сондықтан соғыс өрті өршіп тұрған елдерде бейбітшілік орнату керек. Онсыз да табиғи апаттар мен жаһанды жаулаған пандемия қос бүйірден қысып тұр. Әрі азық-түлік пен ауыз су тапшылығы және жұмыссыздық белең алды", - дейді Антониу Гутерриш.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар