Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

2920
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, 54 жастағы адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент мәліметінше, Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің жанында Темір аудандық ауруханасына тиесілі УАЗ көлігі "Honda CRV" көлігімен соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласы бағытына қарай келе жатқан.
Жол апаты салдарынан Honda CRV көлігінің 54 жастағы жолаушысы мен жедел жәрдем көлігінің медбикесі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда автокөлік жолаушысы алған жарақатының салдарынан көз жұмды.
Пікірлер