«Хиджаб, ниқаб – ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді»,-дейді

8632
Adyrna.kz Telegram

Шри-Ланкада паранджа киюге тыйым салынады, медреселердің жабылуы да күн тәртібінде деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Bir.gün ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шри-Ланканың қоғамдық қауіпсіздік министрі Сарат Веерасекаера қоғамдық орындарда паранджа киюге тыйым салатын директиваға қол қойғанын мәлімдеді. Шри-Ланканың қоғамдық қауіпсіздік министрі Сарат Веерасекара қоғамдастықтың ішінде бүркеніш киім кию елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін айтты.

Веерасекаера бұрын мұсылман әйелдер паранджаны кимегенін, ол қоғамдық орындарда паранджаны киюге тыйым салатын директиваға қол қойғанын атап өтті. Веерасекара елде тіркелмеген және ұлттық білім беру саясатына сәйкес келмейтін мыңнан астам заңсыз медреселерге қатысты, егер олар қажетті шаралар қолданбаса, жақын арада жабылатынын айтты.Өткен аптада 8,6 миллион халқы бар Швейцариядағы референдумда жұртшылық хиджаб пен паранджаға тыйым салуға " иә " деп қолдау білдірген.

Шамамен 5,5 миллион сайлаушысы бар елде 2 миллионнан астам адам әйелдердің паранджа және хиджаб сияқты киімдерді қолдануға қарсы екенін айтты. Жаңа заңға сәйкес, Швейцарияда әйелдер ғибадат орындарын қоспағанда, бүкіл ел бойынша денені толығымен жабатын паранджаны және көзден басқа бетті жабатын бүркеніш киімді кие алмайды.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер