Тоқтар Серіковтың анасы қайтыс болды

15320
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Тоқтар Серіковтың анасы қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Музарт тобының мүшесі Сәкен Майғазиев өз инстаграм парақшасында жеткізді.

“Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анамызға Фирдаус ЖӘННӘТ нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай!”,- деп жазды Сәкен Майғазиев.

Пікірлер