Алматыда карантин күшейеді

3201
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды “Адырна» ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Соңғы тәулікте Алматыда короновирустық 437 оқиға тіркелді. Бұл - ең жоғары көрсеткіш болғандықтан, біз жедел түрде қаулы қабылдадық. Егер біз қатаң шаралар қолданбасақ, инфекцияның таралуын тоқтата алмаймыз. Инфекцияның таралуына себеп болатын нысандарға баса назар аудару қажет. Әсіресе мектептерге ден қою керек. Біз әр сынып оқушыларының санын 25-тен 15 оқушыға дейін қысқарттық», - деді Бекшин.

Сондай-ақ, ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік дүкенінен бөлек дүкендердің жұмысы шектеулі (10.00-ден 20.00-ге дейін),

- Шаштараздар мен сұлулық салондары енді тек шаш қию үшін ғана жұмыс істей алады және тек алдын ала жазылу бойынша қызмет істейді. Маникюр, педикюр және косметикалық қызметтерге тыйым салынады;

- қонақ үйлер, демалыс орталықтарының толу деңгейі 50 пайыздан аспайды;

-СОСО мен базарлар 21-28 наурыз аралығында жұмысын тоқтатады;

- жабық аймақта орналасқан, оның ішінде сауда орталығында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді;

- кітапханалардың жұмысы тоқтатылды;

- қоғамдық көліктер мен қала маңындағы маршруттар кесте бойынша жұмыс күндері, ал демалыс және мереке күндері көлік кесте бойынша таңғы 6.00-ден 10.00-ге дейін, кешке 17.00-ден 22.00-ге дейін ғана жұмыс істейді;

- ұлттық құрама командаларының мүшелерін даярлау үшін Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелгендерді қоспағанда, спорттық қондырғылар мүлдем жұмыс істемейді;

- спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтары да жұмысын тоқтатады.

Сондай-ақ, «Медеу» мұз айдынында коньки тебуге тыйым салынады. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына бару 10 есеге азайып, 500 адамға дейін қысқарды. Курорттағы тамақтандыру орындары тек қабылдау және жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер