Президент Шепельдің туыстарына көңіл айтты

2137
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды. Владимир Николаевичтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады», –деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер