Шымкентте синоптиктер дауылды ескерту жариялады

3772
Adyrna.kz Telegram

«Қазгидромет» Шымкентте дауылды ескерту жариялады. Олардың айтуынша, 25 наурыз кешке және 26 наурыз күні күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Күн күркіреу ықтималдығы бар.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына қырағы болып, ауа-райы туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.

Пікірлер