Жер.Ком-ның құзіретіне не жатады?

2282
Adyrna.kz Telegram

ЖерКом құрылды!
Енді бұл комиссияның алдағы атқаратын жұмысына қатысты бірнеше сұрақтар туындап отыр.

1) Бұл құрылған Жер.Ком-ның құзіретіне не жатады?

а) Жер кодексіне өзгерістерді әзірлеп, тек парламентке ұсынып, сонымен өз миссиясын аяқтайды ма(таратылады ма?)?

б) Ол ұсынған заңдары Парламентте қолдау таппай қалса ше?
Парламенттен қолдау тапқан күнде де, президентке ұнамай қалса ше?
Мұндай жағдай да қалай реттелмек?

в) Осы құрылған Жер.Ком-ның құзыретін айқындайтын нақты бекітілген құжат бар ма?
Оны қайдан оқуға болады?

2) ҚР-ның АШ жерлерінің тағдырын тек осы 80 адам ғана шешеді ме?

а) ЖерКом-ның жұмыс тәртібі қандай?
Өңірлерде көшпелі жиындар арқылы халықтың пікірін жинақтайды ма?
Әлде, 80-і бір жерде отырып өздері шеше береді ме?

3) Бұл Жер.Ком-ның дәрежесі қандай?
Тек ұсыныс берулері үшін ғана құрылған орган ба?
Әлде, ЖерКом-ның ұсынған жобасы "заң" болып, парламент тек алдарына осылар апарып берген заң жобасын ешқандай талқылаусыз бекітетіндей құзірет берілген бе?
а) Әлде, АШ жеріне қатысты заңды қабылдар да, құрылған ЖерКом парламенттің рөлін атқарады ма?

4) Өздері әзірлеген соңғы нұсқасын қабылдау тәртібі қалай?

а) 80-і отырып дауысқа салып шешеді ме?
Әлде, жалпы халықтық дауысқа салады ма?

б) Алдыңғы ЖерКом-дағыдай, әзірленген соңғы нұсқаларына бірлі-жарымды қарсы болған мүшелерінің қарсылығына қарамастан, дауысқа салу қортындысымен шешіле салмақ па?
Соңғы ұсынысын осындай тәртіппен қабылданар болса, Мұхтар Тайжан сияқты алдыңғы ЖерКом-да мүшесі болған азаматтар мұндай тәртіппен қабылданатын ұсыныстың соңы қалай болатынын ұмытпаған болар.
Өйткені, дәл сол кездегідей АШ министірлігі қандай өзгерістерді дайындап әкелсе, бірлі-жарымды қарсы болғандарға қарамастан дауыс қортындысымен сол ұсыныстары қабылданатыны бешенеден белгі емес пе?
Бұл жолы Мұхтар Тайжан, Жәнібек Қожық, Дос Көшім т.б. азаматтар соңы осындай боларын біліп тұрып, осындай тәртіппен жұмыс істеуге саналы түрде барады ма?
Әлде, мұндай тәртіппен қабылдануына қарсы болар ма екен?

5) Алдыңғы ЖерКом-дағы 75-тей мүшесінің, 12 ғана халық арасынан барғандар болған. Қалғандары үкіметтің мүшелерінен жасақталған еді. Соңында дауысқа салғанда нәтижесі қалай болғанын көздеріңізбен көрдіңіздерғой.
Бұл жолы да сондай тәртіппен қабылданбақ па?

а) Осындай тәртіппен қабылдануына қазіргі ЖерКом мүшелері саналы түрде келіседі ме екен?

Мінекей ағайындар!
Біздердің алдымызда осындай басы ашылмаған сұрақтар тұр!
Анау еді- мынау еді деп айдалаға далақтамай, жаттанды бос ұранмен халықтың басын қатыруды доғарып, ең әуелі осындай сұрақтардың басын ашып алуымыз керек!

Бос ұранның уақыты өтті!
Ендігі жерде сауатты әрекеттер керек!

Мақсат Толықбай секілді ЖерКом мүшелері жоғарыдағыдай сұрақтарға қалай жауап берер екен? Басқалары да?

Рүстем АШЕТАЕВ

Пікірлер