БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Біз бірдеңе бүлдірдік-ау, осы?

5261
Adyrna.kz Telegram

Түркістан кездесуінде Ердоған келесі Түркиядағы кездесуде Түркі кеңесін халықаралық ұйым ретінде бекіту, ұйымның жұмысын арттырып, кеңейту үшін жаңа келісімге келуді ұсынды. Негізгі айтқан ойлары:

  1. 2022 жылы түркі халықтары ойындарын Түркияда өткізуге шақырды.
  2. Қарабақты қайтардық. Ораза бітісімен Шушада жолығып Әлиев бауырымызбен бірге атап өтейік деген ұсыныс тастады.
  3. 2021 жылы Түркияда кездесейік, Анталияда өтетін дипломатия форумына келіңдер деп сөзін аяқтады.

Қысқасы "Короновирусты жеңе сала Түркияға келіңдер. Қорқа бермей батыл қадам жасаңдар" дегенді меңзеді.

Ашуланып сөйлегендей көрінді. Талай сұхбатын көріп жүрміз ғой. Бұл жолғы сөзінде қабағынан қар жауып тұр)

Ердоған "Қарабақ мәселесінде Әзербайжанның жанында болуымыз керек. Рамазан мейрамынан кейін, ең қысқа уақытта Шушаға барып Әлиев бауырымызбен бірге болайық" деді.

Түркістанға ешқайсысы келмеді. Бірақ бір айдан кейін Шушада бас қосайық деген сөз. Странно! Елбасы мұндай кездесулерде Түркістан не Көкшетау демей президенттердің бәрін жинап алушы еді. Қазір басқаша. Қазір Ердоған мен Мирзиеев жинап жатыр. Біреуі бір-бірлеп еліне шақырады. Біреуі Шуша мен Түркияға келіңдер дейді.

Бірдеңе не то біз тараптан. Әрдайым президентіміз лидер болып жүретін, центр внимания болатын деңгейге үйреніп қалыппыз. Қазір біртүрлі...

Өзбекстан президенті Садыр Жапаровты, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды Ташкентте қабылдады. Ердоған ораза айы бітісімен Шушаға баратынын меңзеді.

Бірақ Түркістанға ешқайсысы келмеді. Президенттер жеке-жеке бір-бірінің елдеріне барып жатыр. Бірақ Түркістанға ешқайсысы келмейді. Неге?..

Мәселе біздің тараптан кетті-ау. Не үшін онлайн өтті?.. Түркістанға келуі тиіс қонақтың екеуін Мирзиеев Ташкентте қабылдады. Ердоған Әзербайжанға бармақшы. Бірақ бізге келмейді. Ердоған керісінше Түркияға шақырды басшылардың бәрін.

Меніңше біз бірдеңені бүлдірдік-ау осы...

Пікірлер