Бір ғана қателіктен 15 миллион вакцина дозасы бұзылды

3380
Adyrna.kz Telegram

АҚШ зауытындағы қателік салдарынан Johnson&Johnson  15 миллион вакцина дозасы бұзылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Reuters мәлімдеді.

Мэриленд штатындағы Балтимордағы американдық  Johnson&Johnson зауытының қызметкерлері жаңа коронавирустық вакцинаның ингредиенттерін араластыру кезінде қателік жіберіп, нәтижесінде 15 миллион доза бұзылды.

Осы оқиғадан кейін АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектермен күрес басқармасы (FDA) зауыты өзара тексерісті бастады. Алайда, компанияның АҚШ ауруханаларына келіп түскен вакцинаның барлық партиясы қауіпсіз, себебі олар Нидерландыда шығарылған.

Дәрі-дәрмектің келесі жеткізілімдері Балтимор зауытынан жөнелтіледі деп жоспарланған, бірақ FDA тексерістері басталғандықтан қажетті жеткізілімдер кешігеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында АҚШ-тың медициналық реттеушісі FDA,  Johnson&Johnson компаниясы өндірген COVID-19 вакцинасын шұғыл қолдану үшін мақұлдаған еді. Компания наурыз айының соңына дейін вакцинаның 20 миллион дозасын, ал маусымның аяғында 100 миллион дозаға дейін вакцина жеткізуді жоспарлаған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер