Тоқаев елдегі короновирус жағдайы жөнінде жиын өткізеді

3282
Adyrna.kz Telegram
Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы ҚР президентінің бас хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасындағы жазбасында мәлімдеді. 
"Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады" деді бас хатшы өз жазбасында.
Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары және аймақ әкімдері де қатысады.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер