Украина мен Ресей арасындағы қырғи-қабақ соғысқа НАТО араласпақшы

20706
Adyrna.kz Telegram
Украина президентінің кеңсесі басшысының орынбасары Роман Машовец кеше Канаданың елшісімен кездесіп, Донбасс пен Қырым үшін Шығыс Украинадағы соғысқа НАТО елдерінің қатысуы бойынша талқылау жасады. Осыған байланысты НАТО елдері Еуропадағы әскери-техникалық күштерін Украинаның шығысына жылжытып жатыр.
Бұл ақпарат Украина прездиентінің ресми сайтында жарияланды. АҚШ бастаған НАТО елдері көп ұзамай Украинаның шығыс территориясында әскери-соғыс жаттығуларын өткізетін болды. Бұл жаттығуға құрлық және теңіз әскерлері де қатыспақ. Ресейдің Украинаға қарсы агрессорлық әрекеті осы жолы Украинаның толық тәуелсіздігімен аяқталуы мүмкін деп отыр Роман Машовец. Бұл шешуші сәт болуы да мүмкін деген сөз.
2020 жылдан бері Украинаның шығыс территориясында кикілжің ушығып кеткен. Украинаның шекарасын қорғаушы күштер зардап шегумен келеді. Канада елшісінің сөзіне қарағанда, Солтүстік Атлантика әскери блогы бұл процеске сақадай сай отыр. Бұл әрекетті бақылап отырған Ресей тарапы да Украинаның шығыс территориясына өзінің соғыс техникаларын үйіп-төгіп апарып жатыр.
Қырым мен Донбасс үшін Ресей мен Украинаның арасы қатты ушығып жатыр. Бұл процесс 2014 жылы Қырымды Украинадан тартып алумен басталған болатын.
Дәл қазір Украинада Донецк пен Луганск облыстары өздерінің Ресейден тәуелсіздігін жариялап, соңын айқай-шуға ұластырып жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана құрылған «Батыс-2021» Солтүстік Атлантика әскери блогының жоспары осы жолы іске асуы мүмкін. Көп ұзамай Украина алдағы 4-5 жылдың ішінде НАТО-ның құрамына кіруі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.  
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер