Қазақстанда қара және түсті металдардың қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды

4458
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі 2021 жылғы 26 наурыздағы «Қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы zakon.kz сайты мәлімдеді.

Атап айтқанда, алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын батареяларын, қалдықтар мен сынықтары бар аккумуляторларды автомобильмен тасымалдауға тыйым салынды. Сонымен қатар пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол жолының элементтері және жылжымалы құрамдағы:

  • ластанған болаттың қалдықтары мен сынықтары, оның ішінде коррозияға төзімді болат;
  • республика аумағына жөндеуге әкелінген және кері әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеуге әкетілген және кері әкелінген жылжымалы құрам элементтері.

Бұйрық 2021 жылдың 11 сәуірінен бастап күшіне енеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер