Алматы тұрғындарын жаппай вакцинациялау қашан басталады?

3226
Adyrna.kz Telegram

Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялаудың үлкен партиясы қалаға келгеннен кейін басталады. Бұл туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп жазды zakon.kz.

Алматыға вакцинаның көп мөлшері жеткізіледі, содан кейін біз жаппай вакцинациялауды бастаймыз. Қазір дайындалып жатырмыз. Барлық емханалар мәліметтер базасында және тізімдермен жұмыс істейді. Біздегі жаппай вакцинация, бірінші жеткізілім - үлкен партиясын ала салысымен басталады, - деді Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали.

Оның айтуынша, бүгінде вакцинация 56 егу пунктінде жүргізілуде.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы үшін коронавирусқа қарсы вакциналар саны көбейтілетінін айтқан болатын. Қалаға алдын-ала жоспарланған 65 мың дозаның орнына, 250 мың доза коронавирус вакцинасы беріледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер