Астеройдтан жер бетіндегі байлықтан 100 миллион есе көп металл қоры табылды

5379
Adyrna.kz Telegram
Аспан әлемінде өте құпия Психея астеройдында жер бетінің байлығынан 100 миллион есе көп байлық жатқанын NASA ғалымдары анықтапты.
Бұл астеройд Марс пен Юпитердің ортасындағы астеройдтар ағымында ұшып жүреді. Астеройдтар ағымының 16-шы поясындағы бұл астеройдты итальян астрономы Аннибале Де Гаспарис 1852 жылы анықтапты. Салмағы 3,2 000 000 000 000 000 000 (квинтиллион) тонна екен.
Ғалымдардың айтуынша, Психея астеройдында 110 миллиард тонна өте бағалы металлдар (алтын, алмаз, платина) қоры бар деп болжануда. Ал, бұл металлдар қоры астеройд салмағының 0,5 % құрайды. Егер де осы астеройдтағы тек темірдің өзін жер бетіне алып келсе, оның бағасының өзі 10 000 000 000 000 000 (10 квардиллион) долларды құрайды екен. Астеройдтың 90 %-ы металлдардан, 10%-ы силикатты заттардан тұрады. 2022 жылы АҚШ-тың NASA ғарыш орталығы Психея астеройдына ғарыш аппаратын жібермекші.
2030 жылға дейін аппарат 370 миллион шақырым жол жүріп, астеройдқа жетіп, оның жынысын зерттеп, жерге сигналдар арқылы хабарлар бермек. Аппараттың құны 450 миллион долларға бағаланып отыр. Егер де осы астеройдтағы металл қорын жер бетіне жеткізсе, әдбір адам баласы миллиардер болып, осы үдріс мыңдаған жылдарға жалғасады деп отыр NASA ғарыш агенттігінің мамандары. Қандай керемет дүние десейші!
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер