Жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті

1969

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қаралы хабарға қайғыра көңіл айтқан ақпарат министрі Аида Балаева өз facebook парақшасында пікір қалдырды.

"Белгілі жазушы, көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов ағамыздың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.
Қабдеш ағамыз бүкіл саналы ғұмырын еліміздің руханияты мен ұлттық әдебиетімізді дамытуға арнап, көркем роман жазу дәрежесін жаңа белеске көтерген дегдар жазушы, қарымды қоғам қайраткері еді. Көзі тірісінде зор шығармашылық ой-өрісімен, терең парасатымен халқының үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін рухани мұра, өрісті өнеге қалдырды.
Ардақты ағамыздың жарқын бейнесі мен ұлттық руханияттағы орны қалың қауымның жүрегінде мәңгi сақталады деп сенемін.
Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын", -деп жазды министр.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті.

Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты.

«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы