«Көктемнің мейірімділік қоржыны» қайырымдылық науқаны жалғасуда

4641
Adyrna.kz Telegram
Фото авторы Д.Сағындық
Фото авторы Д.Сағындық

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Талдықорған қаласындағы әлеуметтік жағынан  аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ, көпбалалы, жалғызбасты аналарға «Көктемнің мейірімділік қоржыны» азық-түлік себетін үлестірді.

Әр отбасыға ет консервілері,  дақылдар, ұн, май, кондитерлік өнімдер сынды 11 түрлі тауар қамтылған,   жалпы салмағы 50 килограммдық үш қораптан тұратын  азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Қайырымдылық науқанының  мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету, наурыз мерекесінің мән-маңызын айшықтау,  жақсылық пен мейірімділікті дәріптеу.  «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры Қасым Қасабеков: «Пандемия кезеңінде қашықтан оқытуға байланысты қыркүйек айында Талдықорған қаласындағы оқушыларға 500 ноутбук сыйлаған болатынбыз. Індет әлі де өршіп тұр. Осы кезеңде қиындық көрген отандастарымызға қол ұшын созу мақсатында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталмыш акцияны ұйымдастырдық . Бұл ретте Алматы облысы мен Алматы қаласының 1500 аз қамтылған отбасына көмек көрсету жоспарлануда»-деді.

Пікірлер