Түркияға бару енді арман болмайды

14446
Adyrna.kz Telegram

Осы жылдың 3 мамырынан бастап Түркілердің рухани Астанасы Түркістаннан Стамбулға тікелей ұшақпен жетуге мүмкіндік ашылады. Түрік әуе жолдары 3 мамырдан бастап Түркістан-Стамбул бағыты бойынша ұшақ рейстері ашылатынын мәлімдеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы дереккөзге сілтеме жасап.

Қазақстан Өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің хабарлауынша, ұшақ рейстері аптасына үш рет қатынайтынын айтты. В-737 типтегі ұшақтармен енді қазақстандықтар Түркияға алаңсыз барып қайтатын болады. Сонымен қатар Түркістан әуежайынан алдағы уақытта Бішкекке және Ташкентке де тікелей ұшақ рейстері ашылатыны да осы ақпаратта сөз етілген.

Естеріңізге салып өтейік, биылғы 21 наурыз күні Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбулға алғашқы рейс сапарға шыққан болатын. Fly Arystan әуе компаниясы өте арзан ұшақ билеттерін сатып, қазақстандықтарға Түркияға барып келуіне үлкен жағдай жасаған. Енді алдағы уақытта Түрік әуе жолдары өз ұшақтарын Түркістан-Стамбул бағытына қосса, әрбіріңізге Түркияны көзбен көріп қайту аса қиынға соқпайтыны анық. Өйткені, әуе компания рейстері неғұрлым көп болса, соғұрлым ұшақ билетінің бағасы да тиімді бола түседі емес пе?!  Олай болса, Түркияны көру енді бұрынғыдай арман болмайтын шығар.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер