Алпауыттар Ресейді халықаралық қаржы жүйесі SWIFT-тен ығыстырып жатыр

5247
Adyrna.kz Telegram
Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ Ресейді халықаралық қаржылық ағым жүйесі SWIFT (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication) -тен шығарып жатқаны жайында мәлімдеме жасады. Министрліктің айтуынша, АҚШ-тың басты мақсаты SWIFT-ті пайдалана отырып, Ресейге саяси қысым жасау мен қаржылық альтернативті жол қалдырмау. 
"АҚШ пен ЕО Ресейді цифрлық ватюталар желісі мен блокчейн жүйесінен ығыстырып, халықаралық транзакцияларды жүргізуде жаңа цифрлық технологияларды пайдаланудан шеттетіп отыр"- деді, Ресей СІМ-і Александр Панкин.
АҚШ Ресейдің құнды қағаздары мен облигацияларына, халықаралық банк жүйесінде жүргізетін транзакцияларына, Ресей қаржыларын АҚШ-тың банктерінде жұмыс жасауына қарсы санкция салды. АҚШ пен ЕО Ресейді халықаралық SWIFT жүйесінен шығарып тастамақ. Егер SWIFT жүйесінен Ресей шығарылса, онда жоғарыда аталған Ресейдің мемлекеттік активтерінің ағымдағы қозғалысына тоқтау салады. Бұл ресейлік компаниялардың халықаралық қаржы нарығындағы акцияларының құлдырауына апарып соғады.
SWIFT жүйесіне әлем бойынша 12000 банк желісі жалғанып тұр.
Ресеймен бірге бұл қатарға көп ұзамай Иран мен Солтүстік Корея да кіруі мүмкін деп айтып жатыр халықаралық қаржы сарапшылары. 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер