Кенесары ханның бас сүйегі табылды

10167

Қазақстанға Кенесары ханның бас сүйегін қайтармақшы. Бұл туралы Facebook парақшасында тарихшы Зиябек Қабулдинов мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

”Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз, достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек.

Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бассүйегін қайтару жұмыстары бойынша ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Келістім. Сүйінші! Кенесары ханның бассүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол дипломатиялық деңгейдегі дүние.

Бірақ бұл бастаманы Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық!”, – деп жазды тарихшы Зиябек Қабулдинов.

Пікірлер
Редакция таңдауы