Айгүл Мүкей 46 жасында ұлды болды

1240

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей  46 жасында үшінші рет ана атанды. Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желісінде жария етті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ол өзінің Instagram парақшасына:

"Ұлды болдым! Аллаға шүкір. Бүгін сағат 12.19 дүниеге тағы бір батыр келді. Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты..." деп жазды.

Парақшадағы жазба астында көптеген құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылуда. Айгүл Мүкей тілек білдіріп, құттықтап жатқан жандарға алғысын айтты.

Қоса кетсек, тележүргізушінің бір ұл, бір қызы бар. Енді ол осымен үш баланың анасы атанды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы