18 мың долларлық ауызашар

3734
Adyrna.kz Telegram

Дубайдағы Jetex жеке авиакомпаниясы Рамазан айында жаңа қызметті іске асыратынын мәлімдеді. Ол "Әуедегі ифтар (ауызашар)" деп аталады. Бұл туралы Haberturk сайты хабарлады. 

Ауызашардың құны екі адамға 18 мың долларды құрайды.  Ауызашарға тапсырыс беру алдын-ала іске асады. Тапсырыс бергендерді авиакомпанияның жеке көлігі күтіп алып, әуежайдың VIP-терминалына жеткізеді.

Қазіргі таңда әуедегі ауызашарға 15 адам тапсырыс беріп үлгеріпті. Түскен қаржыны компания өкілдері Рамазан айы біткен соң қайырымдылық қорларына табыстамақ.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер