Алматылық жігіт полиция көлігінің капотындағы суреті үшін жазаланды

3865
Adyrna.kz Telegram

Алматы тұрғыны полиция көлігінің капотында тұрып түскен суреті үшін жазаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеп.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Азамат С., бұзақылық ниетпен полиция қызметкерлеріне деген құрметсіздігін көрсетіп, қызметтік көліктің капотында полиция қызметкері ретінде тұрып суретке түсті, содан кейін ол фотосуреттерді әлеуметтік желілерде таратты, делінген хабарламада.

Сот оны 2 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды, өйткені  оның соңғы әрекеттері «қоғамдағы мінез-құлық нормаларын елемеу, қоғамдық тәртіпті бұзу және азаматтардың тыныштығын бұзу туралы куәландырады, бұл үлкен қателік".

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер