Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

3358
Adyrna.kz Telegram

9 сәуірде Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда тұман болады делінуде.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, кей жерлерде шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м / с-ке дейін соқпақ.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м / с.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Атырауда оңтүстік-шығыс желдің екпіні 15-18 м / с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м / с жел соғады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер