ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың мәйіті табылды

3140
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жоғалып кеткен 2 жасар Арсений Киселевті іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады Адырна ұлттық порталы Altaynews сайтына сілтеме жасап.

Арсений жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан. Полицейлер кішкентай баланы аға-әпкелерімен, сондай-ақ көрші балалармен бірге ойнап жүргенін, алайда біршама уақыттан кейін кенеттен жоғалып кеткенін анықтады.

Өскеменнен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша полиция департаментінің және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сонымен қатар кинологтар келді.

«Полиция қызметкерлері бала өзенге құлап кетуі мүмкін деп болжады. Бұған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел болды. Өзен арнасын тінту барысында сол іздерден 1 шақырымдай жерден баланың мәйіті табылды», - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Пікірлер