Демалыс күні науқастардың үйлерінде жеке қабылдау өткізетін дәрігер бар

2740
Adyrna.kz Telegram

Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы басшысына риза болдым!

Қысқасы былай!
Бір аптадан бері бір азамат өзінің анасының науқас екендігін(отбасының жалғыз асыраушысы), қанша жерге тексерілсе де қойған диагноздары мен емдерінен нәтиже болмай, күннен-күнге денсаулығы кері кетіп жатқандығын айтып, көмектесуімді өтініп жүрген болатын.

Содан, бүгін ойлана келе Бакытжан Позилов мырзаға хабарласып мән-жайды түсіндіріп "Апта сайын жеке қабылдауыңызға адамдар қабылдайсызғой. Бірақ, сіздің қабылдауыңызға келе алмайтын, ауыр хәлдегі азамат бар екен!
Бүгін демалыс. Дүйсенбі күндері жолыға аласыз ба? Мүмкін үйіне барып жолығарсыз" дегенмін.

Сөйтсем "Демалыс болса да, әрбір тұрғынның өмірі мен үшін маңызды. Бүгін-ақ жолығайық!"-деп, алысқа шыға алмайтын азаматшаның үйіне бірге бардық.
Жолықтырғансоң мына фотоны сіздер үшін ғана түсіріп алып, дәрігер мен науқасты оңаша қалдырып шығып кеттім.

P.S. Бұл біреуді өтірік мақтау емес. Көзіммен көргенімді жазып отырмын.

Адамның адамдығын айту да адамдық шығар?!

Рүстем АШЕТАЕВ

 

Пікірлер