Ақтөбеде жарылыс орын алып, үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

1720
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлап, жеті адам жарақат алды, оның үшеуі балалар.

Қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 16.00 шамасында Хромтау ауданы, Ақжар ауылында болған. Бұл туралы mgorod.kzжергілікті сайты Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

"Олардың барлығы күйік алған. Жарылған газ емес. Ақ зат. Біреу оны үйге алып келген, зардап шеккендер ештеңе айтпайды. Екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары, оның ішінде балалар да бар, күйікпен палатада жатыр", - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасындағылар.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікірлер