Бүгін әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы іске қосылды

2234
Adyrna.kz Telegram

Бүгіннен бастап әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы іске қосылды. Бұл туралы «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жаңа бағдарлама несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік береді.

«Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12% және алдағы уақытта, яғни тұрғын үй заемына аусқан кезде несие мөлшерлемесі 3,5%-ға дейін төмендейтін болады. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғарғы құны – 30 млн теңгеге дейін. Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс», - делінген хабарламада.

«Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша қаражатты тұрғын үйді алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға да, жылжымайтын мүлікті жөндеуге де пайдалануға болады.

Жөндеу жұмыстарына 3 700 000 теңгеге дейін алуға болады. Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі немесе бірнеше меншіктерінің бірі болуы тиіс. Несие рәсімдеушінің атында баспана бар-жоғы тексерілмейді.

Егер клиенттің табысы жеткіліксіз болса онда кез келген 1 немесе 2 адамды қоса қарыз алушы ретінде шақыруына болады. Ал несиенің ең ұзақ мерзімі – 25 жыл.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер