Тоқаев ғылым саласының қызметкерлерін құттықтады

3001
Adyrna.kz Telegram

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым саласының қызметкерлерін құттықтап жазған жазбасын, өз Twitter-де жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет" деп жазды Президент.

Сонымен қатар Тоқаев, еліміздің ғылым саласындағы еліміздің өзіндік алар орны бар екенін атап өтті.

"Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді" деді өз жазбасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер