Алматы облысы екпе салудан көш басында

3285
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник-V" вакцинасын толықтай (бірінші және екінші компонентін) қабылдағандар саны (12 сәуірдегі көрсеткіш бойынша) 105 мың 392 адамға жетті. Оның ішінде, 10 мың 367-сі Алматы облысының тұрғыны.

Айта кетейік, екі компоненті бойынша толық екпе қабылдағандар саны Алматы қаласы мен Түркістан облысында көп. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы және Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ал ең азы Маңғыстау облысында тіркелген. Алматы облысында екпенің бірінші компонентімен осы уақытқа дейін 32 мың 651 адам қамтылған. Бұл көрсеткіш күннен-күнге өсуде. Қазақстандағы заңнамаға сәйкес, екпе салдыру ерікті болып саналады.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті коронавирусты жеңудің бірден-бір жолы екпе салдыру екенін айтқан болатын. Қазіргі таңда облыста вирус жұқтыру деңгейі алдыңғы апталармен салыстырғанда екі есеге өскен. Мәселен, өткен тәулікте Алматы облысында 283 адам коронавирусқа шалдықты.

Пікірлер