Алматы облысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғамдық кеңестер құрылды

2637
Adyrna.kz Telegram

Таяуда облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі нұротандықтар бірқатар сұрақтар бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар, кестелер бекітілді.

Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квота, сонымен қатар біздің облыстық Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттары анықталды.

Назарларыңызға сала кетсек, партияның Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Ал өңірімізде 12 қоғамдық кеңес құрылды. Жиында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева кеңестердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті.

-Кеңестің міндеттері мен мақсаты партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақылау. Коғамдық кеңестердің Ережелеріне сәйкес отырыс тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамдарында әйелдердің 30 % және 35 жасқа дейінгі жастардың 20 % құрамдары ескерілді. Кеңес құрамдарына басқа ұлт өкілдері және партия жақтастары енгізілді. Жалпы Кеңестердің құрамдарына мәслихат депутаттары, кадрлық резервте тұрған кандидаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді, - Г.Тойлыбаева.

Атап айтсақ, қоғамдық кеңес төрағаларына келесі азаматтар бекітілді: өңірлік даму бойынша – Руслан Қожасбаев, аграрлық сектор бойынша – Елдос Үшкемпіров, экономиканы дамыту және кәсіперлікті қолдау бойынша – Гүлмира Ахметова, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша – Серік Мұқанов, білім мен ғылымды дамыту бойынша Гүлжан Ерубаева, ұлт денсаулығы мәселелері бойынша Гүлнәр Құраметова, мәдениет пен өнерді дамыту «Мирас» қоғамдық кеңесіне – Нүсіпбай Абдрахим, экология мәселелері бойынша – Мұрат Аубакиров, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша – Әсет Қыдырманов, жастарды қолдау бойынша Әсел Төлепбергенова, партияның бақылау комиссиясы бойынша – Қуат Баймырзаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесіне – Римма Салыкова жетекшілік етеді.

Соңғы қаралған сұрақ, ол облыстық және аудан-қалалық партия филиалдарының Саяси кеңес Бюро отырыстарының және бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының, есеп беру- сайлау Конференцияларының өткізу кестесі бекітілді.

Пікірлер