Белгілі ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

7733
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов бақилық болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл қаралы хабарды ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Карин өз facebook парақшасында жариялады. 

“Мына қауіпті дерт арамыздан қаншама асыл ағаларымызды әкетіп барады.. Қазақтың біртуар ақыны Есенғали Раушанов ағамыздан айырылып қалдық. Иманы саламат болсын!”, - деп жазды Ерлан Карин.

Есенғали Раушанов кім?

Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов (1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда дүниеге келген) — белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.

1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975–1977 ж.ж. Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер