Әнші Қайрат Нұртас тағы дауға қалды

6337
Adyrna.kz Telegram

Қайрат Нұртас автотұрақта өзге көліктердің орнын иемденіп көршілерінің ызасын туындатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеп.

Бұл жолы қазақстандық орындаушы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі автотұрақта басқа адамдардың орындарын иемденген. Фотосурет zakon.kz редакциясына жіберілді. Тұрғындар бірнеше күннен бері өз орындарында тұрақ қоя алмайтындықтарын айтты.

Себебі олардың орындарын басқа машиналар тұрақтаған. Көршілері Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованың көліктерін VIP нөмірлерінен бірден таныды.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.

Әлеуметтік желілерде әншінің жаңа Lexus LX 570 автокөлігін сатып алғаны қазірдің өзінде талқылануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер