Халық: "жерімізді тартып алды" - ҰҚК: "Бұл жалған ақпарат"

5060
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында Құрманғазы ауданында халық жерімізді тартып алды деп шулап жатыр. Бұл жағдайға қатысты бейнероликтер де тарауда. Алайда, оның ҰҚК-ті жалған ақпарат, арандатудан сақ болыңыздар деп ресми ақпарат берді.

ҚР ҰҚК-нің ресми ақпаратында:

«2021 жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода «Қалқан-2021» оқу-жаттығулары көрсетілген. Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуын сұрайды. Сондай-ақ ҰҚК жалған ақпарат таратпауға шақырады», – делінген.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер