Еркін саналы Қазақ жастары Қазақстанда емес, шетелде қалыптасып жатыр

4159
Adyrna.kz Telegram
Данияр деген бауырымның АҚШ -та жүргеніне үш жыл болды. АҚШ-тың Филадельфия штатында жұмыс жасайды. Ол Қазақстанға бір келгенінде маған:
-Мен енді Қазақстанда жұмыс жасай алмайтын шығармын, деген еді.
Ол АҚШ-тың керемет аурасында жұмыс жасап үйреніп қалды. Даниярдың көзқарасы бізге мүлдем ұқсамайды. Өте еркін, таңдауы керемет. Қимылы ширақ. Жанарында болашаққа деген талпыныс пен от жанып тұр. Бұл жақта тыраштанып, депрессияға ұрынып, қағылып - соғылып бір айда тапқан тиын тебенді ол жақта аз ғана уақыттың ішінде есесімен емін-еркін жұмыс істеп таба алады. АҚШ-тағы жұмысы жайында да кейде сөйлесемін.
Еламандеген інім бар. Өте пысық. Ол Оңтүстік Кореяда күн батареяларын шығарытын, монтаждайтын завотда жұмыс істеді. Табысы өте жақсы. Содан тәжірибе жинап алып, Еуропаның Венгриясына аттанып кетті. Қазір сол жақта шыны заводында жұмыс істеп жатыр. Қозғалыстары емін-еркін. Табыстары да тамаша. Қазір елге қайтпаймыз деп отыр. Меніңше сонда істеп жүре бергені өте жақсы. Не қылады елге келіп, жүре ме әркімнің иттігіне көніп... Біздің қоғам сондай қоғам.
Негізі кету керек. Шетелде жұмыс істеу керек. Жан-жаққа кең масштабта қарауымыз керек. Қазаққа осылай жұмыс жасаған тиімді сияқты. Депрессия мен негативтен шығуымыз керек. Нигилистік көзқарасты өзгертуіміз керек. Ойбайлағаннан ештеңе шықпайды. Кері кете береміз. Каммунистік қара тобыр, надан санадан осындай жастар ғана құтқарады.
Кейінгі жастардың қадамы мүлдем бөлек. Бұлар еркін әрі таңдауы да мықты. Не болсын соған бас ауыртпайды. Таңдаған мемлекетіне бара алады. Тек өздерінің не істейтінін анықтап алады. Меніңше ең дұрысы осы. Даму сонда ғана болады. Біздің жастардың осылай кеңінен ашылғаны дұрыс. Кеңінен ашылмаса, не бар мынау депрессияға батып, жолыңды аштырмайтын қоғамда? Демек, бұлардың таңдауын мен қолдаймын.
Миыңды мың ақпарат сорпа болып жатса, сізде қайдағы еркіндік пен таңдау болады...? Біз солай далбасалап жүрген қоғамбыз. Әбден рухани езгіге тап болып, тарихи жадымызды жоғалтып алғанбыз. Бізге енді жаңару керек. Бәрі жаңару керек. Бәрін басынан бастау керек. Жаңа көңіл күймен бастау керек. Қазіргі далбасагершілік жүрісіміз де өзіміздің таңдауымыз. Алдағы уақытты дұрыс таңдау жасап ел боламаз немесе құл болып осылай көндігіп өмір кешеміз. Осы ғана.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер