Нұр-Сұлтанда тағы өрт шықты

3613
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-21_151601.png
Нұр-Сұлтанның оң жағалауында жылдам тамақтанатын кафе өртенді. Ақпарат елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде расталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Өрт сөндіру бөлімдері Иманов көшесі, 5 / 2А мекен-жайы бойынша 12.16-да кетті.
«Өрт сөндірушілер келген кезде Butchers Street тез тамақтану павильоны ашық жалынмен жанып жатқандығы анықталды. Өрт 12.33-те оқшауланып, 12.41-де сөндірілді. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Онда зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖМ.
Куәгерлер оқиға болған жерден түсірілген видеоны ғаламторда жариялады.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии