Санкциялар Қазақстанға әсер ете ме?

3213
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын айтқым келеді. Атап айтсақ: сайлауға және мемлекеттік ақпаратқа араласу сияқты әрекерттер болды. Бұған біз одан әрі шыдай алмаймыз.

Бірақ Қазақстанға келетін болсақ, санкциялардың міндетті салдарын болдырмауы үшін жұмыс істедік және істей береміз дегім келеді. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз", - деді АҚШ елшісі журналистермен өткен дөңгелек үстел барысында.

15 сәуірде АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізген. Ол 32 жеке тұлға мен бірлестікке қатысты. 14 маусымнан бастап АҚШ қаржы институттарына Орталық банк пен Ресейдің Қаржы министрлігінен, сондай-ақ ұлттық әл-ауқат қорынан борыштық бағалы қағаздарды тікелей сатып алуға тыйым салынады. Вашингтон билігі Ресейдің 10 қызметкері елден шығарылатынын айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер