Масктың капиталы бір аптада 13,7 миллиард долларға артып, 190 миллиард АҚШ долларына жетті

3453
Adyrna.kz Telegram
Илон Масктың жеке капиталы осы аптаның ішінде тағы да $13,7 миллиард АҚШ долларына артып, халықаралық Forbes тізімінде өзгеріс жасады. Илонның кампанияларындағы электромобильдердің сатылымы ірі көлемде қаражат алып келген. Кампанияның нарықтағы акциялары қымбаттаған.
Forbes Real-Time порталы Масктың тізімі алға жылжығаны жайында зерттеп, ақпарат таратты. Портал Масктың жеке капиталы 190 миллиард АҚШ долларына жеткенін жеткізді. Әрі Маскты әлем миллиардерлерінің ішіндегі ең бақытты миллиардер деп санады.
Макстың капиталы оның кампанияларының нарықтағы акциялары қымбаттағанымен параллель көтерілген. Тесланың апта соңында акциясы 20%-дан да артып кеткен. Сонымен қатар S&P 500 мен Dow Jones халықаралық қорларының индексі Масктың акцияларының артуына байланысты 0,8 пайызға құлаған.
Илон Масктың осыншалықтың деңгейге көтерілуіне кітапты көп оқығаны, тәуекелге көп баратыны, тұтынушыларына деген шексіз құрметі де себеп болыпты. Ол "Тенденцияның соңынан жүрме, оны өзің құра біл!" деген ұстаныммен өмір сүреді екен.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер