Құқық қорғаушылар карантин талаптарын сақтамаған көпшілік орындарды анықтады

2347
Adyrna.kz Telegram

Қарасай ауданының полицейлері карантинге қарамастан өз жұмысын жалғастырған кафелерді анықтады. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде коронавирус індетінің өршуіне байланысты Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының, дәмхана мен мейрамханалардың санитарлық-карантиндік тәртіптің белгіленген нормаларын сақтауы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Полицейлер жүргізген кезекті рейдтік іс-шара барысында Қаскелең қаласында орналасқан 3 дәмхана (кафе) анықталды. Олар карантин талаптарын сақтамай, өз жұмысын қалыпты режимде жалғастырған. Сонымен қатар олардың келушілерді кіргізу барысында дене қызуын өлшеу жұмысын жүргізбегендігі белгілі болды.
Анықталған деректерге қатысты материалдар жинақталып, шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Осыған орай, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері тұрғындардан құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Пікірлер