Өмірді ұзартудың ең оңай жолы туралы білесіз бе?

2640

Күнде 12 минут жаттығу жасасаңыз, жүрек, қан тамырлары аурулары мен диабеттің туындауынан сақтанасыз. Бұл туралы Гарвардтың Массачусетск ауруханасының зерттеушілері айтып өтті.

Зерттеушілердің еңбегі Circulation журналында жарық көрді. Олар орта жастағы 411 ер азамат пен әйелдің метоболит жасушаларына сараптама жасаған. Арнайы мамандар зерттеу барысында тәжірибеге қатысушылардың дене жаттығу жасағанға дейінгі және одан кейінгі жағдайын бақылап отырған.

Нәтиже шыққанда жаттығу жасаудың пайдалы екені белгілі болды.

Жаттығу жасағаннан кейін адам денесіндегі диабет пен бауырдың ауруымен байланысты биомаркерлердің саны 18%-ға дейін төмендесе, жүрек, қан тамырлары аурулары мен ерте қайтыс болуға алып келетін глутамат 29%-ға азайған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы