Сіз күнделікті қайталайтын жеке гигиенадағы 11 қателік

3674
Adyrna.kz Telegram

Ешкім өзінің жеке гигиенасының тазалығына, мінсіздігіне күмән келтірмеуі мүмкін. Алайда, сіз бетіңізді мұқият жуып, тырнақтарыңызды үнемі қадағалап, арнайы кремдер жағуда жан салмай жүрсеңіз де, дәрігерлер жеке гигиенада біз байқамайтын ұсақ қателіктер бар дейді. Мүмкін сіз оларды әлі де білмейтін шығарсыз?! Сондықтан «Адырна» ұлттық порталы сіздің  назарыңызға жеке гигиенадағы сіз байқамаған 11 қателікті тізіп көрсетпек.

  1. Қолдарыңызбен бетіңізді жиі ұстау

Мен сіздің бетіңізді қолыңызбен жиі ұстайтындығына сенімдімін: не сіз шынтағыңызбен сүйенесіз, яки ойланғанда ұстағаныңызды байқамай да қаласыз. Бірақ кез-келген қайталанатын жанасу, ұстау, беттің ластануына тікелей ықпал етеді. Өйткені сіздің қолыңыз әрдайым таза болып қала бермейді. Өлі тері тесігінде майлардың түзілуін бұзады, сонымен қатар терінің сәл қоюлануын тудырады. Бұл безеулердің пайда болуына ықпал етеді. Бұл әдетті жою қиын болғанымен сіз өзіңіздің қолыңызбен жасалатын әрекетті басқара білуіңіз қажет.

  1. Жаттығудан кейін бетіңізді жуу

Жаттығудан кейінгі әдеткі іс- теріңізді термен шаю. Яғни, сіз жаттығып болған соң бетіңізді сумен емес, термен жуасыз. Соған қарамастан, мамандар жаттығар алдында ғана аздап жуу керек дейді. Сіз терлеген кезде теріңізді сүртуге бейімсіз, демек сіз сол аймақта пайда болған кір мен майды ысқылайсыз. Сондықтан жаттығу алдында бетіңізді шайыңыз, сонда тек су мен тұз шығады, және олар теріге мүлдем зиянсыз.

  1. Ыстық душ қабылдау

Таңертеңгі суықта ыстық душ қабылдағаннан асқан ештеңе жоқ. Алайда ыстық су теріңізді жағымсыз етіп көрсетеді: тері тесіктерін ашып, ішкі ылғалдың жоғалуына ықпал етеді және терінің қорғаныш майларын азайтады. Бұл ылғалдың күйін нашарлатады, құрғақтық пен қышуды тудырады. Сіз денеңіздің қыста керемет көрінуін қаласаңыз, әдеттегі душ температурасын біртіндеп төмендеткеніңіз жөн.

  1. Лосьонды тым кеш жағу

Жұмысқа кешігіп бара жатқанда, сұлулық рәсімдеріне уақыт таппай қаласыз ба? Жаман жаңалық: егер сіз лосьон немесе ылғалдандыратын кремді кеш қолдансаңыз, оның мүлдем әсері болмайды. Ваннадан кейін сүлгімен денеңізді құрғату керек, бірақ бет терісін толықтай құрғатып сүртпеңіз. Содан кейін ылғалдандыратын лосьондар жағыңыз. Оны асыра сілтеп жақпау керек. Бет кремі сияқты мұқият және мөлшерлеп жағу керек.

  1. Күн сайын сабын қолдану

Қыс - терісі құрғақ кез келген адам үшін қиын кезең. Кейде сіз өзіңіздің қолыңызға қанша лосьон жақсаңыз да, олар құрғақ және жарылған күйде қалады. Егер біздің рецепттеріміз көмектеспесе, ванна бөлмесінде душ гельін азырақ қолдануға тырысыңыз, пайдаланған соң жақсылап шайыңыз.

  1. Күннен қорғайтын крем жақпау

Дерматологтар мұны қайталаудан жалықпайды, бірақ біз оны елемей келеміз. Сіз күн аз түсетін аймақта тұрып, күн сізге зиян тигізбейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Күн қорғанысы туралы ұмытпау үшін құрамында SPF(Sun Protection Factor) бар жақсы тональды крем іздеңіз. Ол кәдеңізге кез-келген уақытта, тіпті жылы және күн шуақты аймаққа жолға шықсаңыз да жарайтыны анық.

  1. Жуыну шүберегін ауыстырмау

Сіздің өз жуыну шүберегіңізді қашан және қайдан сатып алдыңыз? Егер сіз еске түсіре алмасаңыз, онда жаңасын сатып алудың уақыты келді деген сөз. Сіздің шүберектеріңізде бактериялар, көгеру және басқа зиянды заттар болуы мүмкін. Оның жеткілікті құрғақ екендігіне көз жеткізіп, оны жиі ауыстырып отырыңыз.

  1. Макияж щеткаларын, құралдарын тазаламау

Бұл теориялық тұрғыдан өте оңай, бірақ іс жүзінде сіз оған уақыт бөле алмайтын шығарсыз. Терең тазарту бірнеше минут уақытты алады, бірақ сіз қабынудағы емдеуге кететін уақытты үнемдейсіз. Макияж щеткалары, құралдары бактериялардың көп мөлшерін жинайды, сондықтан оларды сабынмен мұқият шайыптұру қажет. Сонда сіз макияжыңыз мінсіз болмақ.

  1. Ауыз шайғышты қолдану

Құрамында спирті бар ауыз шайғыш сұйықтықтар сіздің аузыңызды іс жүзінде едәуір құрғатады және мұндай жағдайлар бактериялардың көбуіне негіз болады. Одан да сілекей шығаруды жеделдететін ксилит өнімдерін ғана қолданыңыз.

  1. Кофе ішкеннен кейін тіс тазалау

Ешкім кофе ішкеннен кейін тістерінен кофе қалдықтарын сезуді ұнатпайды. Бірақ стоматологтар тамақтанғаннан кейін 20 минуттан ерте тістеріңізді тазалауға кеңес бермейді. Әсіресе сіз құрамында көмірсулар мен қант мөлшері көп сусындар мен тағамдарды қолданған болсаңыз. Бұл эмальды әлсірететін және қорғаныш қабатын зақымдауы мүмкін қышқыл тағамға да қатысты. Сіз маңызды кездесуге баратын болып және 20 минут күтетіндей уақытыңыз болмаса? Аузыңызды жай сумен шайыңыз.

  1. Тырнақтарды шаймау

Біз күндіз қолымызды жиі жуамыз, бірақ біз оған қанша уақыт жұмсаймыз? Көбінесе біз бұл процесті тез аяқтап жұмысқа қайта оралуға асығамыз. Алайда, алақаныңызды ғана жуып қана қоймай, бактериялар мен кірді тез жинайтын тырнақтарыңызды да тазарту керек екенін ұмытпаңыз. Сіздің тырнақтарыңыз аузыңызға немесе бетіңізге тигенде, тағы теріңізге зақым келетіні есіңізде болсын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер