Билл Гейтс тағы бір пандемияға дайын болу керек деп ескертті

3304
Adyrna.kz Telegram

Майкрософт компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс болашақ пандемияға дайын болу керектігімізді айтты, деп хабарлайды LADbible.

«Бізде қазір қауіпсіздік сезімі бар. Ол - жалған. Бұл мәселе алдағы он жылда болады деп ойламаймыз. Сондықтан оған ақша салудың қажеті жоқ деп есептейміз», - деді ол.

Сонымен қатар миллиардер коронавирус пандемиясының салдарынан инвестициялардың маңыздылығын көрдік деп айтты. Оның айтуынша, бұндай оқиғаларға дайындық маңызды. Өйткені аталмыш індет өте күрделі проблемаға айналуы мүмкін екен.

«Егер алдағы бірнеше онжылдықта бір нәрсе 10 миллионнан аса адамды өлтіретін болса, ол соғыс емес, жұқпалы вирус болуы мүмкін. Зымырандар емес, микробтар», - деді миллиардер.

Гейтс келесі пандемия 20 жылдан кейін пайда болса, адамзатқа ол үлкен мүмкіндік екенін де айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер