Алматыда 1-10 мамыр аралығында зираттар жабық болады

2919
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қалалық зираттарға бару шектеулі болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Біз адамдар көп болатын жерлерді шектеуге тырысамыз. Бұл күні зираттарға адамдардың көп келетінін білеміз. Олар тазалайды, тәртіпке келтіреді. Биыл жағдай былтырғыға қарағанда әлдеқайда күрделі. Мен қаламыздың тұрғындарынан ата-ана күнін қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын. Зираттар 1 мамырдан 10 мамырға дейін жабық болады. Біз зираттарға баруды шектеу арқылы, адамдардың көп шоғырлануын шектеу туралы шешім қабылдаймыз, деді Бекшин баспасөз мәслихаты барысында.

Ата-аналар күні биыл 11 мамырда өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер