1 мамырда қай саябақ жұмысын тоқтатпақ?

5085
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-30_172517.png
Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы (бұрынғы Горький атындағы саябақ) 1 мамыр, сенбіде дезинфекциялау жұмыстары жүргендіктен жабық болады,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалау үшін жабық болады», -деп хабарлады әкімшілік хабарламасында.
Сонымен қатар, 1 және 2 мамырда қоғамдық көліктер Орталық мәдениет және демалыс саябағына қарай жүрмейді.
"1 және 2 мамырда Троллейбус желісі мен кабельдік желіде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесі бойымен батыс және шығыс бағытта - Калдаякова көшесінен ПКиО аялдамасына дейін троллейбус және автобус маршруттарына өзгеріс енеді", деп қалалық мобильділік кеңсесінің хабарламасында айтылған.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото ашық Zagranitsa.com)

Комментарии