Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

13723
Adyrna.kz Telegram

ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі, Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса 10 сәуірден бастап Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан еді.

Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлап ИВЛ аппаратына қосылған. Өкінішке қарай, бүгін өмірден озды.

”Адырна” ұлттық порталы халық әртісінің отбасына қайғыра көңіл айтады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер