Түркия "АҚСҰҢҚАР" атты қуатты бомбалаушы дронның келесі сериясын шығарды

8003
Adyrna.kz Telegram
Түркия бомбалаушы дрондарды шығаруды жалғастырып жатыр. Бұл жолы Aksungur (Anka-2) - АҚСҰҢҚАР атты бомбалаушы дронның келесі сериясы өмірге келді.
Aksungur (Anka-2) - АҚСҰҢҚАР атты бомбалаушы дрондар жаудың стратегиялық нысаналары мен бомбалаушы ұшақтарға, маңызды соғыс базаларын жоюға арналған стратегиялық қарудың түрі. Бұл қуатты дронды Turkish Aerospace Industries (TAI) корпорациясы жасап, эксплуатацияға қосып жатыр. 
Дрон TEI PD170 маркалы екі көтергіш қозғалтқыштан тұрады. Қозғалтқыштың әрбірінің қуаты 170-220 аттың күшіне тең. Бұл аппарат әуеде екі тәулік бойы ұшып жүріп, жұмыс жасай алады. Соғыста кез келген маңызды стратегиялық нысананы жойып жібере алады.
Әуеде  750 кг салмақтағы жүкті көтеріп алып ұшады. Екі қанатының арақашықтығы 24 м құрайды. Сағатыны 250 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Бомбалау нысандарына MAM-L атты авиабомбаларды тасиды.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер