Шекарадағы қақтығыс: Зардап шеккендер саны 183-ке жетті

3398
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/d565df96-f29a-4f35-a9e0-995379fd7dd7.jpeg
Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс кезінде зардап шеккендер саны 183-ке жетті. Бұл туралы бүгін өткен брифингте елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оның айтуынша, ауруханаларда 99 зардап шегуші бар, олардың 56-сы Бішкек медициналық мекемелерінде емделуде.
«Астанада емделіп жатқандардың біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуі ауыр халде. Қайтыс болғандардың 35-ке жетті»,– деді Солтонбекова.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақталды. Өткен түнде аймақта оқыс оқиғалар мен атыстар болған жоқ.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии