Арнайы ХҚКО-да орын алған ақаулардың себебі аталды

2358
Adyrna.kz Telegram

«Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Әділ Қожихов арнайы ХҚКО жұмыс істеуінде пайда болған олқылықтардың себебін түсіндірді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде Әділ Қожихов бұл мәселе ескірген жүйеге байланысты туындағанын айтты.

Өкінішке орай, осыдан 10 жыл бұрын 30-40 қызмет түрін ұсынатын жүйелер қазіргі кезде әрдайым бірнеше есе артқан жүктемені жеңе алмайды. Сондықтан, қазір біздің мамандар бірінші кезекте арнайы ХҚКО-да көрсетілетін қызметтерден бастап ХҚО АЖ-ны кең ауқымды модернизациялауға кірісті », - деді Әділ Қожихов.

Сондай-ақ, Әділ Қожихов қазір жүйеге қатысты мәселе шешілгенін және арнайы ХҚКО-тар клиенттерді қабылдауға дайын екенін айтты.

«Қазір біз клиенттерді штатты режимде қабылдаймыз, елдегі жағдайды үнемі қадағалап отырамыз. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ситуациялық орталық қызметкерлері арнайы ХҚКО жұмысшыларына мәлімдеп отырады. «Азаматтарға арналған үкімет»-те орын алған үзілістер үшін мемлекеттік корпорация атынан тағы да кешірім сұрағым келеді", деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 30 сәуірде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында серверлерге қатысты техникалық ақаулар байқалған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер