Әлем бойынша 152 миллионнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып, 3.2 миллион адам қайтыс болды

1200

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сүйенсек, пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 152,87 миллионнан асқан. Вирустың таралуы басталғаннан бері әлемде қайтыс болған адамдардың саны 3 202 541 жетті. Шамамен, 129 миллион адам инфекциядан емделіп шықты.

АҚШ коронавирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болып қала бермек. Онда COVID-19 вирусын жұқтырған 32,42 миллион адам анықталды, 577 045 өлім тіркелді, 25 миллионнан астам адам ем қабылдап, емделіп шықты.

COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бойынша екінші орында - Үндістан тұрақтады. Үндістанда соңғы тәулікте  368 147 адам вирус жұқтырды. Нәтижесінде пандемия басталғаннан бері COVID-19 инфекциясы анықталған адамдардың саны 19,92 миллионға жетті. Құрбан болған адамдардың саны бір тәулік ішінде 3417 адамнан 218 959 адамға дейін өсті. 16 миллионнан астам адам ем қабылдап, қалпына келді.

Пандемия кезінде COVID-19 инфекциясын жұқтырып, 14.75 миллион жағдай тіркелген Бразилия жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты. Олардың 407 639-ы вирустан қайтыс болды. 13 миллионнан астам адам емделіп,  қалпына келді.

 

Зарина ӘШІРБЕКОВА,

Тәуелсіз блоггер

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар