Қырғыз билігі: Тәжікстан арнайы басып кіріп, жерімізді тартып алмақ болды

3219
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы Тәжікстанның әскери күштері жерімізді басып алу үшін Қырғызстанға опасыздықпен басып кірді деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы тәжік әскерилерін бейбіт тұрғындарды қырғынға ұшыратты деп айыптады. Сондай-ақ әскери операцияны тәжік тарапы жоспарлаған деп мәлімдеді.

«2021 жылы 29 сәуірде сағат 04:40 шамасында Баткен облысы, Баткен ауданы Көк-Таш ауылының Кочо-Бою учаскесінде Баткен ауданының жергілікті тұрғындары мен Тәжікстан Республикасының азаматтары арасында қақтығыс болды. Тәжік азаматтарының арандатуымен орын алған.

Тәжікстанның әскери қызметкерлерінің қарулы шабуылының нәтижесінде, Қырғыз Республикасының әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындары атыстан әртүрлі жарақат алды. Олардың арасында қаза тапқандар да, зақымданғандар да бар. Олар Қырғызстанның көптеген азаматтық және әскери нысандарын қиратты.

Тәжікстан Республикасының әскери қызметшілерінің жоғарыда аталған әрекеттері Қырғыз Республикасының егемендігі мен тұтастығына қарсы алдын-ала жоспарланған арандатушылық.

Тәжік әскери қызметшілерінің іс-әрекеттері жоспарлы түрде, қарулы агрессияға дайындықпен оған қатысып, халықаралық шарттар мен келісімдерді бұзды. Агрессивті соғыс жүргізуді көздеп отыр ».

Сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеу Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің және Қырғыз Республикасының Әскери прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобына тапсырылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер